Германиядағы тіршілік

Записи, в которых присутствует выбранная вами метка

Германиядағы автолардың барлығы жаңа емес

Таныстарым Германиядағы автокөліктер жайлы сөз қозғағанда немістер тек қана жаңа көліктерді, яғни, ары кетсе, 7-8 жылға дейінгі көліктерді пайдаланады деген ойда екендіктерін аңғартады. Бірақ олай емес. Немістердің де ескі машина мінетіндері бар.

Неміс халқы риза емес

Германиядағы саяси ахуал тұрғылықты халықты қуантпайтын секілді. Алайда, шетелдіктер елдегі жағдайға риза. Бүгін бір дүкенге кіріп едім, сатушымен бірге екі қарт әжей сөйлесіп тұр екен. Сөйлескенде де бір-біріне мұңдарын шағып тұр. Әңгімелері мынадай:

Аахенде қар жайып жатыр.

Бүгін жиырма тоғызыншы қаңтар. Биылғы жыл Аахен қаласында қыс болды. Қыс болғанда да Қазақстандағыдай қақаған аязы бар қыс емес. Қыс екендігін айқындайтын аппақ, таза қары бар, аздаған аязы бар (max. -9°C).

2-2-22

Бүгін (22-қараша) Германияға келгеніме 2 жыл 2 ай 22 күн болыпты. Қарап отырсам, біраз уақыт екен. Бірақ алдағы қалуға тиісті уақытпен салыстырғанда, көп емес секілді. Германияға келгелі неміс халқының мәдениеттілігіне, сыпайылығына және тәртіпсүйгіштігі мен сабырлылығына тәнті болдым.

Карлсруе мен Маннхайм қалалары

Сенбі күні (14.11.2009) Германиының Маннхайм қаласында сабаққа қатысты бір шаруам бар еді. Аахеннен алыста болғандықтан ерте таңертең жету мүмкін емес еді. Карлсруе деген Маннхаймға көрші қалада оқитын танысым бар-тын. Соның үйінде қонуға тура келді. Бейсенбі күні түнде шығып кетіп, сол күні түнде Карлсруе қаласына жеттім.

Велосипед

Әне-міне деп жүріп велосипед алдым. Жаңа емес. Жаңа болмаса да пайдаға жарап тұрған велик екен. Ескі спорттық моделді екен. Бүгін ғана алғандықтан көп айдап үлгермедім. Жаттығуға барып келуге өте тиімді көлік болғалы тұр. Бағасы да қымбат емес, 50€.

Аахендегі қазақтар

Аахенде мен білетін екі қазақ отбасысы бар. Олардан басқа бір отбасы бар екен. Алайда, олармен әлі танысып үлгермедім. Мен білетін екі отбасының біреуі Малабакан-дар отбасысы.

Қытаймын

Ия, қытаймын. Оны ешкім сұрамайды да, бірден қытай ретінде қарайды. Немістер мен түріктер ғана мені қытай деп ойласа жөн делік, ал қытайлардың өздері мені қытай дегеннен кейін қалайша қытай емеспін деп айта аламын?
RSS-материал