Маусымдық шегерілімдер

Шегерілім деген орысша скидка сөзінің қазақшасы екен. Шегерілім десе сіздерде адамдардың көзқарасы қалай болатынын білмедім. Кей бірде айтылып жататын ”Шегеріліммен сатылатын тауырдың сапасы болмайды. Өтпей тұрып қалған сапасыздарын арзан бағаға сатады” дегендерді ғана білуші едім. Ал ол шегерілімдердің қанша пайызға дейін болатынынан хабардар емеспін. Еуропаның кей елдерінде, атап айтқанда, Германия мен Нидерланды елдерінде болатын шегерілімдердің талай куәсі болдым. адам айтса нанғысыз шегерілімдер болады екен. Алматыда жүргенде шегерілім дегеннің не екенін біле бермеуші едім. Себебі, ондай акциялар кез-келген дүкенде және кез-келген сайда орындарында бола бермейтін. Кейіннен шегерілім арқылы сатулар жиі бола бастағандығынан хабардар болдым. Көбіне SELA дүкендер желісінде жиі болады дейді. Жиі болғанымен тауар көлемі өте аз болады екен. Екінің бірі шегеріліммен тауар сатып алып үлгермесе керек. Нидерланды (Голландия) мен Германияның үлкенді-кішілі киім-кешек дүкендері мен басқа да электроникалық дүкендерінде шегерілімдер жиі болып тұрады. Әсіресе, киім дүкендерінде маусымдық шегерілімдер деген керемет енді деген. Бастапқы бағасынан 40%, 50% , тіпті, 80% дейін шегерілімдер болып жатады. Ал маусымдық емес шегерілімдердің өзі қалыпты жағдайларда тауар бағасының 15-20%  құрайды. Ол да болса шегерілім. Шегерілім кезінде сапасыз тауарлар ғана сатылады дегендей түсінік жоқ. Сападан ақсаған тауарлар шегірілемге түсе қоймас. Кейбір тауарлардың шыққанына бір жыл өтер өтпес жаңа моделі шығады да, алғашқысының бағасы төмендейді. Ал маусымдық шегерілім келгенде бағалары 50-80% дейін арзандатылып сатылады. Киім-кешек тауарлары негізінен атақты фирмалардың (Adidas, Nike, Tom Tailor, Esprit, Columbia, Joop, Eterna, Olympic, Camel Activ, S.Oliver, Tommy Hilfiger, Geox, Sioux, Mexx, Zara,  т.с.с.) сапалы киімдері. Нидерландының Рурмонд қаласында ”Designer Outlet Roermond” атты арнайы базар бар. Ол базардың басқаларынан ерекшелігі, фирмалық дүкендердегі тауарлар едәуір төмен бағалармен сатылады. Қысы-жазы солай. Қыста жаздың, жазда қыстың киімдерін табу қиын емес. Базардың негізгі клиенттері немістер деуге болады. Шекаралық қалада орналасқандықтан, адамдардың баруына ыңғайлы жер.