“kz” доменiн пайдаланушылар аздық етеді…
Опубликовано Asqat в пт, 06/20/2008 - 18:33.
“Түркістанның” соңғы санында Есенгүл Кәпқызы “Ғаламторды жаулау мүмкін бе?” атты мақала жариялапты. Мақалаға маусымның 24-iнде өтетін “Интернет-Альтернатива 2008″ атты халықаралық интернет конференция түрткі болғанға ұқсайды.
Мақаладағы үш мәселе менің назарымды аударды:
- Егер, бүкiл әлем интернет жүйесiне көшiп, қағаз түрiндегi газет-журналдар жоғалатын болса, қазақ тiлiндегi өнiмдердiң хал-ахуалы тағы да мүшкiл күйге түсетiн болады. Өйткенi, күнi бүгiнге дейiн қазақ тiлiнде толыққанды интернет газет өмiрге келген жоқ.
- Ең әуелi бiзде “kz” доменiн пайдаланушылар жоқтың қасы. Бiрнеше жекелеген компаниялар мен банктердiң, бизнес құрылымдардың, ақпарат құралдарының ғана өз домендерi бар. Ал, бүкiл халық болып пайдалануға арналған домен болмай отыр.
- Интернетке төл жазуыңды енгiзу үшiн Microsoft компаниясына белгiлi деңгейде қаржы төлесең болғаны, сенiң тiлiң интернетте еш қиындықсыз оқылатын болады. Әзiрге бiз мұндай қадамға бара қойған жоқпыз.
