Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда

Соңғы кездері Оңтүстікте мешіт­тер саны көбейіп келеді. Ал таяуда Шымкенттегі Гагарин және «Ленинград» көшелерінің қиылысында пирамида пішінді ерекше мешіт пайда болды. Қасындағы азан шақыру мұнарасының көрінісі көкке өрлеген зымыранды көз алдыңа елестетеді. Мұндай жобаны дүниеге келтірген шымкенттік Дәуренбек Ахметов пен ол кісінің досы Амангелді Бердаш деген кісілер.Мешіттің іші кең әрі таза. Жамағат жиналып намаз оқығанда дыбыс күшейткішті керек етпейді, дауыстар жаңғырып шығады. Ішке жарық төбеге орнатылған пластикалық терезелерден түседі. Мешіттің сырты толықтай кераммогранитпен қапталып, ауланың сырты оюлы темір шарбақпен қоршалған. Қасында жас балаларды оқытатын медресенің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сол жерде жұмыс істеп жүрген бірнеше жігіт мешіт таяуда пайдалануға берілетіндігін...