Жат көзілдірік киген жігіттер немесе «Шайтанхананы» оқығаннан кейінгі ой
Опубликовано Aygerim_kz в пн, 02/08/2010 - 01:44.
«Өмір ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік» демекші, егер біз (күллі адамзат) өлімнің бар екенін сезбесек, бұл өмірдің мағынасын түсінбес те едік. Дәл осы түсінбестіктен шығады, адам болған соң пендешілік белең алмай қоймайды. Оған шырмалып қалудан оңай нәрсе жоқ. Әйткенмен, пендешілік құр-сауынан құтылудың да жолы жоқ емес. Ол жол – хаққа бет бұру. Соңғы жылдары қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ болып, материалдық тұрғыда мерейіміз өсе түскенімен, кері-сінше, рухани тұнығымыз лайланып, имани болмысымызды кір шалуда. Әсіресе, қазақы менталитетімізге жат бей-әдеп қылықтар жанымызға қаяу түсіріп жүр. Жат діни ағымдардың жәдігөйлігі жұртымыздың жадын улап, тура жолдан тайдыруда. Мәселен, тобымызда бірге оқыған құрбымның бірі иегово куәгеріне айналып, бірі ...
