Жыры мол болған санақтың соңғы сыры

Сонымен біз қаншамыз?2009 жылғы ақпанда жүргізілген ұлттық халық санағынан басты күткеніміз – осы сұрақтың жауабы болатын. Нақтыланған ресми жауап сарылтып ұзақ күттірді. Тұп-тура 11 айдан кейін ғана негізгі көрсеткіштер жария етілді. Тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағының түпкілікті есебінше, Қазақстан тұрғындарының саны – 16 млн 4 мың 800 адам болған. Бұл – санақ жүргізілген 2009 жылғы ақпанның 24-інен 25-іне қараған түнгі 24.00 сағаттағы жағдай. Санақтың есеп-қисабын шығарғанша, тағы біраз уақыт зыр етіп өте шықты.Cтатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәліметінше, 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 16 млн 196 мың 800 адамды құрады. Бұл – халық санағы нәтижелерін ескере отырып, нақтыланған ағымдағы дерек. Яғни...