Қатерлі ісік қыз-келіншектерді қырына алып тұр
Опубликовано Aygerim_kz в пт, 02/05/2010 - 16:29.
Болашақта Алматы қаласында онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға арнайы «хоспис» ашылуы мүмкін. Қалалық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша, қазіргі кезде тек Алматыда тіркелген 200-ден аса бала осындай арнайы мекемеде ем алуды қажет етеді екен.Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған жиында «Здоровая Азия» қоғамдық қорының өкілдері қалалық денсаулық сақтау департаментімен тізе қосып, балаларға арнайы мекемені ашу мақсатында «Мен сенімен біргемін: Хоспис - балалар үшін» қозғалысын ұйымдастырып отырғандықтарын айтады. Өйткені науқастардың ең қорғансыз тобы - емделуге келмейтін онкоауруларға шалдыққан балалар. Олардың қатерлі дертпен күресуіне барлық жағдайды жасау үшін осындай емдеу мекемесін Алматыда, одан кейін өзге аймақтарда ашу қажет. Хосписте амбула...
