Оқушылардың орамал тартуына тыйым салу конституциялық құқықтың бұзылғандығын көрсетеді - Р. Халмұрадов
Опубликовано Aygerim_kz в ср, 12/23/2009 - 18:37.
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Оқушылардың орамал тартуына тыйым салу конституциялық құқықтың бұзылғандығын көрсетеді.Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрінің атына жолданған сауалында депутат Розақұл Халмұрадов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы кездері білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында халықтың діни сенім бостандығына кепілдік берілген конституциялық құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы орын алуда. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы А. Жақыпов мырза, 2009 жылғы қазанның 26-сындағы хаты арқылы облыстық білім беру басқармаларына, ЖОО ректорларына, республик...
