[19.11.2009.] Қазақстанда Құрбан айт мерекесіне орай келесі жұма - демалыс күні болмақ

"ҚР "Еңбек туралы" заңына сәйкес Құрбан айттың бірінші күні - демалыс күні болып табылады. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 27 қараша, жұмаға дөп келеді, тиісінше, заң бойынша, осы күн -демалыс күні болмақ", - деді А. Лурова. Қазақстанда Құрбан айт - мемлекеттік мереке. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президент Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылғы 30-желтоқсанда "Еңбек туралы" заңға Құрбан айттың бірінші күні мен православиелік Рождествоны демалыс күндері деп жариялау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Құрбан айт мейрамы үш күнге созылатын және әлемдегі мұсылмандардың басты мейрамы. Ол жыл сайын хижра - мұсылман (ай) күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында бас...